ЭКСПО аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойлануда - Жаңалықтар | BNews

ЭКСПО аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойлануда

21 наурыз, 2018, 15:07 4714 Астана
ЭКСПО аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойлануда

 Қазіргі уақытта ЭКСПО көрме кешенінің аумағына мейрамды тойлауға 10 мыңнан астам адам келді.

ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Мейрамды тойлауға 10 мыңнан астам Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары келді. Онда 21 наурызда сағат 13:00-де мерекелік бағдарлама басталды, деп хабарлайды BNews.kz "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында "Нұр Әлем" - "Болашақ энергиясы" мұражайының іргесінде киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылып, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды баяндайтын театрландырылған қойылымдар өткізіліп, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылған. Әйгілі шеберлер зергерлік, кесте тігу өнері, ағашты ою, темірді көркемдеп өңдеу, дәстүрлі тоқымашылық, қамшы өру және тағы басқа қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі орындаушылар жұмылдырылған. Қонақтар ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татуда.

Наурыз мейрамы ертең, 22 наурыз күні сағат 10.00-де жалғасын таппақ. ЭКСПО туристік аймағының нысандары болса, қараңғы түскенше жұмыс істейді. Мейрамға келген қонақтар "Нұр Әлем" - "Болашақ энергиясы" мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағын сағат 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдынын 23.00-ге дейін тамашалай алады.

Наурыз мейрамын тойлауға келушілер ЭКСПО аумағында Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астананың қонақтары мен тұрғындары үшін 1000 литр Наурыз көже әзірленеді. Биыл ЭКСПО көрмесінің аумағы Наурыз мейрамын тойлайтын қалалық басты алаң болып саналады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар