1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады.
"Бәйтерек девелопмент" АҚ Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен көлік тұрағы орындарының құнын тәуелсіз консалтинг компаниясының көмегімен анықтады, деп хабарлайды BNews.kz "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ЭКСПО-2017" аумағындағы тұрғын үй кешендеріндегі шаршы метрді өткізу құны 399 900 теңгені, бір көлік тұрағы орнының құны 699 000 теңгені құрайды. Бұл объектілер орналасқан жерінің тиімділігімен, қабаттарының аздығымен, пәтерлерінің эрогономиялық жоспарлануымен ерекшеленеді. Тұрғын үй орамының ішкі аумағы оқшауланған және қала тұрғыны үшін жайлы болады", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.
Компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады.
"Сатып алу шарттарына келетін болсақ, әлеуетті сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап: жеке тұлғалар үшін – төлем қабілеттілігі және Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет, ал заңды тұлғалар үшін – Қазақстан аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы шарт", - деп қосты компания өкілі.
"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағында таза әрленген пәтерді бірнеше тәсілдермен: қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өз қаражаттары есебінен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға, сондай-ақ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ қарызы есебінен сатып алуға болады.
"Тұрғын үйді және машина орындарын сатып алуға өтінімдер қабылдау процесі оның айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында "Digital Baiterek" платформасы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылатын болады. "Бәйтерек девелопмент" АҚ риэлторлық компаниялармен ынтымақтастық жасамайтынына және портал арқылы өтінімдерді тіркеу және ресімдеу үшін төлемақы алмайтынына әлеуетті сатып алушылардың назарын айрықша аударғымыз келеді", - деді А.Өсербаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Үкіметте тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
-
Жеңіс Қасымбек биыл 13 млн м² жаңа тұрғын үй салу көзделіп отырғанын айтты
-
"7-20-25" бағдарламасының борышкерлері ипотекалық төлемдерін уақытылы төлеп отыр
-
Астанада жөндеуді талап ететін үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі
-
Баспанасы бар азаматтар да "7-20-25" бағдарламасына қатысу құқығына ие болуы мүмкін
-
Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
-
2 250 әскери қызметші жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша пәтер сатып алды
-
ТҮҚЖБ: Қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018 рекордты жыл болды