Елбасы 2022 жылға дейін студенттерді жатақханамен қамтуды тапсырды - Жаңалықтар | BNews

Елбасы 2022 жылға дейін студенттерді жатақханамен қамтуды тапсырды

05 наурыз, 15:05 1552 Астана
Елбасы 2022 жылға дейін студенттерді жатақханамен қамтуды тапсырды

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударды.

Президент білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру туралы сөз ете келе, осы тұрғыда жатақхана тапшылығын біржола шешу жайы туралы айтты.

"Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұқсас жаңалықтар