Елбасы Ақан Сатаевтың жаңа кинокартинасын тамашалады

30 қараша, 2018, 18:44 2982 Астана
Елбасы Ақан Сатаевтың жаңа кинокартинасын тамашалады

"Елбасы жолы. Астана" фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы жөнінде баяндалады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Ақан Сатаевтың "Елбасы жолы. Астана" фильмін көруге барды. Бұл картина – "Елбасы жолы" киноэпопеясының бір бөлігі, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Елбасы жолы. Астана" фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады", - делінген хабарламада.

Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар