Елбасы Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

04 қазан, 16:20 1893 Ақтөбе облысы
Елбасы Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

Елбасы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына зауыт өнімін алыс және таяу шет елдерге, соның ішінде Өзбекстанға, Түрікменстан мен Әзербайжанға экспорттаудың қазіргі жағдайы туралы баяндалды.   

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен кездесіп, оларға жемісті еңбек пен кәсіби табысқа жетуге тілектестік білдірді.  

***

Зауыт өз өнімімен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 430 мың тонна өнім. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар