Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамымен кездесті

09 қазан, 2018, 18:12 1501 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамымен кездесті

Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайеб Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысады.

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

"Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті", – деді дін қызметкері.

Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.​​​​​​

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар