Елбасы алдағы жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізді - Жаңалықтар | BNews

Елбасы алдағы жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізді

14 қараша, 13:08 1114 Астана
Елбасы алдағы жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Мемлекет басшысы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, 1 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Ол алдағы жылдарға арналған бюджет жоспарында мемлекеттік бағдарламаларға қанша қаржы бөлінетінін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар