Елбасы әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен әскери шендер табыстады - Жаңалықтар | BNews

Елбасы әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен әскери шендер табыстады

03 мамыр, 12:52 1705 Астана
Елбасы әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен әскери шендер табыстады

Мемлекет басшысы Отан қорғаушыларды алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әскери қызметкерлерге мемлекеттік нагрдалар мен әскери шендер табыстап, оларды алда келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Президенті әскери қызметкерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, мемлекеттің әскери-күштері ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қорғауда ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

"Бүгінде мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде мереке қарсаңында жоғары әскери атақ пен жоғары мемлекеттік наградаларды әскери қызметтегі табыстар үшін тапсырып жатырмын. Мұндай жоғары дәрежемен әскери қызметтің ең үздік өкілдері марапатталады. Бұл салтанатты рәсім Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекесі қарсаңында өтуде. Бүгінде аға ұрпақтың әскери айбыны мен әскери беделін тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштері еселеуде", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әскери борыш дегеніміз әрдайым туған жердің мүддесі мен күзетінде тұру екенін атап өтті.

"Әскер дегеніміз – ол өз орнын еш уақытта тастап кетпейтін мәңгілік сақшы. Дүниежүзіндегі тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери-күштер блогы біздің еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігі үшін аса маңызды, әрі ерекше мәнге ие. Біздің әскеріміз, құқық қорғау құрылымдары еліміздің қауіпсіздігі, тәуелсіздігіміздің кепілі болып табылады. Қазақстандықтардың тыныш, әрі бейбіт өмірі үшін атқарып отырған еңбектеріңізді мемлекет жоғары бағалайды", - деп атап өтті Елбасы.

Президент атап өткендей, бүгін 22 шен беріледі. 

"Осы жоғары шендерді сіздерге табыстай отырып, мемлекеттік наградаларды тапсыра отырып, Отан алдындағы қызметтеріңізді атқарып, өскелең ұрпаққа үлгі болатындарыңызға сенеміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары