Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ант қабылдау рәсіміне қатысты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ант қабылдау рәсіміне қатысты

06 желтоқсан, 2017, 16:51 1915 Астана
Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ант қабылдау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан Президентінің тиісті өкімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған лорд Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы мен судьяларына халықаралық қаржы орталығының қызметіне әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттырудың маңызды екенін айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Лорд Гарри Кеннет Вульф қаржы құқығы саласындағы халықаралық төреші әрі медиатр болып табылады. Ол Англияның, Уэльстің, Катар мен Гонконгтың сот жүйелерінде жұмыс істеп, кәсіби мол тәжірибе жинақтаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар