Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты

20 ақпан, 10:38 639 Астана
Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты

Аталған жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 жарлығында 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін: Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін", - делінген бүгін жарияланған жарлықта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етуді; есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге қаулы етті.

Хабарламада осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелетіні және бұл Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Жарлыққа түсіндірмені мына жерден көруге болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары