Елбасы Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді

22 қараша, 2018, 18:43 3160 Астана
Елбасы Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар