Елбасы Бурабайда сахналанған "Біржан-Сара" операсын тамашалады - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Бурабайда сахналанған "Біржан-Сара" операсын тамашалады

15 шілде, 15:09 1040 Ақмола облысы
Елбасы Бурабайда сахналанған

Опера ашық аспан астында өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" курортының аумағында композитор Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсының ашық аспан астында өткен қойылымына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты партияларды халықаралық байқаулардың лауреаты Мерей Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев, Дина Хамзина және Салтанат Ахметова орындады. Операның қоюшы-дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арыстанбек Мұхитдинов, қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары