Елбасы Денис Тенге қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

20 шілде, 2018, 14:37 3333 Астана
Елбасы Денис Тенге қатысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

25 жасар Денис Тен 19 шілде күні қайтыс болды. 

Президент Бас прокурор мен Ішкі істер министріне қылмыстық істі мұқият тексеруді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды", - делінген таратылған хабарламада.  

Естеріңізге сала кетейік, Денис Теннің өліміне қатысты күдікті бүгін ұсталды. Күдікті 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы – Қиясов Нұралы. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады. Денис Тенді өлтірді деген күдікті екінші адамның да кім екені анықталып, іздестіріліп жатыр. Болжам бойынша ол Қызылорда облысының тумасы – Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

Елбасы Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосқанын, оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізгенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпида ойындарының қола медаль жүлдегері Денис Теннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл өте қорқынышты, әрі әділетсіз, деп атап өтті ведомство басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар