Елбасы футболдан шеберлік сағатын өткізді - Жаңалықтар | BNews

Елбасы футболдан шеберлік сағатын өткізді

30 желтоқсан, 17:06 2191 Астана
Елбасы футболдан шеберлік сағатын өткізді

«Астана» клубының футболшылары Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне шығарған допты Президентке тарту етті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты.

Кеш барысында «Астана» футбол клубының ойыншылары Еуропа Лигасының 1/16 кезеңіне шығарған допты Мемлекет басшысына табыстады.

Елбасы жаңажылдық балға қатысушылардың алдында допты теуіп, футболшылармен біраз ойнады.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар