Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады

01 қараша, 2018, 18:33 451 Астана
Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевті елорданың 20 жылдығына орай "Астана Опера" театрында қойған концертінің табысты өтуімен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгерілету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевті елорданың 20 жылдығына орай "Астана Опера" театрында қойған концертінің табысты өтуімен құттықтады. 

Халық әртісі Қазақстан Президентінің шығармашылық саласындағы саясатына және мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетіп отырғанына ризашылық білдірді.

"Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде Сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. "Астана Опера" – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш", – деді Әлібек Дінішев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!