Елбасы Индонезия Республикасының Президентіне көңіл айтты

30 қазан, 2018, 09:09 1753 Астана
Елбасы Индонезия Республикасының Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Lion Air" әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар