Мәсімов Назарбаевқа есеп берді - Жаңалықтар | BNews

Мәсімов Назарбаевқа есеп берді

15 ақпан, 15:44 1023 Астана
Мәсімов Назарбаевқа есеп берді

Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары