Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

07 наурыз, 2018, 19:01 1639 Астана
Елбасы Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты салтанатты концертке барды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, Қазақстандағы өскелең жас ұрпақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңірудің қажеттілігін айтты.

"Жаһандану жағдайында қыздарымызға тән асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қаптаған ақпараттар легін біржола тоқтату мүмкін емес. Әрбір бойжеткеннің жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі болуы қажет", – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қабылданған бес әлеуметтік бастама, ең алдымен, әйелдер қауымына арналғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерінің бойында еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясының сарқылмайтын көзі бар екенін атап өтті.

"Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алуына байланысты бүкіл салмақ сіздерге түсіп отыр. Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен және махаббаттарыңызбен еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар