Елбасы Қазақстанның Қырғызстандағы елшісін тағайындады - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Қазақстанның Қырғызстандағы елшісін тағайындады

07 ақпан, 17:37 895 Астана
Елбасы Қазақстанның Қырғызстандағы елшісін тағайындады

Бұл лауазымға Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қырғызстан Республикасындағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев 1957 жылы туған.

Алматы теміржол көлігі институтын жол қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, "Құрметті теміржолшы".

Әр жылдары Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, "ЭйрҚазақТур" ЖШС-ның бас директоры, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясында вице-президент, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президент, бас инженер болып қызмет еткен.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары