Елбасы Қызылорда қаласының бас жоспарымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Қызылорда қаласының бас жоспарымен танысты

05 қазан, 18:20 1889 Қызылорда облысы
Елбасы Қызылорда қаласының бас жоспарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаңы 1532 гектар жерді құрайтыны, соның ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстың эскиздері мен инвестициялық жел телімдерінің сызбасын көрді.

***

Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары