Назарбаев ҚР бағалау қызметі туралы заңына қол қойды - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев ҚР бағалау қызметі туралы заңына қол қойды

10 қаңтар, 17:15 1894 Астана
Назарбаев ҚР бағалау қызметі туралы заңына қол қойды

Мемлекет басшысы бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыған дейін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР-дағы бағалау қызметі туралы» заң жобаларын қарағаны туралы хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары