Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

Написать нам
31 қазан, 2018, 09:09 1819
Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

Мемлекеттік хатшы мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!