Елбасы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

Написать нам
05 қараша, 2018, 17:29 2307 Астана
Елбасы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар