Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ойын білдірді - Жаңалықтар | BNews

Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ойын білдірді

09 ақпан, 16:29 1596 Астана
Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ойын білдірді

Президент өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды көлеңкеден шығару жұмысы баяу жүріп жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы жұмысындағы кейбір кемшіліктері үшін сын тезіне алды.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Негізгі себеп – өзін-өзін жұмыспен қамтыған және бейресми түрде жұмыспен қамтылған халықты тарту мәселесі болып отыр. Олар салық төлемейді, яғни көлеңкеде қалып отыр. Мен соңғы бес жылдың көлемінде осы туралы айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет айттым. Не болды, Тамара, айтшы? Әлде сен бұл жұмыстан шаршадың ба?", - деді Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрге.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова Еңбек және әлеуметтік қорғау минстрлігі үлкен жұмыс атқарғанын айтып өтті.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл салада біз үлкен жұмыс атқардық. Сіздің тапсырмаңыз бойынша 18 млн адамның мәртебесі анықталды. Оның 2,1 млн өзін - өзі жұмыспен қамтығандар, енді 1,5 млн қалды.  Осы мәліметтер аймақ әкімдеріне  таратылып берді", - деді Дүйсенова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары