Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2058 жылғы түлектеріне хат жазды

01 желтоқсан, 2018, 13:24 2536 Астана
Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2058 жылғы түлектеріне хат жазды

Сонымен қатар, оқушылар Президентке қауымдастықтың құрметті мүшесі белгісін табыстады.

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ҚР Президентінің хаты бар уақыт капсуласы табысталды, деп хабарлайды BNews.kz

Астанада өткен "Ұлы дала мұрагерлері" форумында Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің болашақ түлектеріне үндеу жасады. Хат мазмұнымен тек 2058 жылғы түлектер ғана таныса алады. Елбасының пікірінше, ол уақытта Қазақстанда барлығы басқаша болады.

"Бұл хат 2058 жылғы түлектерге арналған. Халықта "Елу жылда ел жаңа" деген мақал бар. Ол уақытта сендер жас боласыңдар. Ол кездерде тіпті басқа жаңа технологиялар болады. Сендер хатты ашып, оқисыңдар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Форум барысында сондай-ақ, Мемлекет басшысына Назарбаев Зияткерлік мектебі қауымдастығының құрметті мүшесі белгісі табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар