Елбасы неліктен Ақмоланың Астана деп өзгертілгенін түсіндірді - Жаңалықтар | BNews

Елбасы неліктен Ақмоланың Астана деп өзгертілгенін түсіндірді

31 қаңтар, 15:27 1200 Астана
Елбасы неліктен Ақмоланың Астана деп өзгертілгенін түсіндірді

Қазақстан астанасының атауы не себепті өзгертілгені ҚР Президентінің "Тәуелсіздік дәуірі" кітабынан алынған үзіндіде айтылған.

Ақорданың баспасөз қызметі фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарық көрген "Тәуелсіздік дәуірі" кітабынан үзінді жариялады. Онда Мемлекет басшысы елорда атауының өзгертілуінің бірнеше себебін атап, толықтай түсіндіріп өтті.

"1998 жылы әуежайдан келе жатқан жолда "Еліміздің жаңа орталығын "Астана" деп атауды дұрыс көрем" деп, ойымда жүрген сөздің ұштығын шығарып қалған едім. Кешқұрым резиденцияда астана атауына байланысты әңгімеміз жалғасты. 
"Астана" деп атауға не себепті ықыласым ауғанын айтып, дәлелді дәйектер келтірдім. "Біріншіден, "астана" сөзінің мағынасы айқын. Елдің бас қаласы ұғымын білдіреді. Екіншіден, саяси және тарихи тұрғыдан алғанда да, әркім әрқалай түсініп, қабылдайтындай атау емес. Үшіншіден, "астана" деген сөздің өзі қаланың атқаратын қызметін көрсетіп тұр.
Мемлекеттік тілде айтсаң да, басқа тілде айтсаң да, құлаққа жағымды, айдынды атау. Оның үстіне: жаңа астаналар тұсаукесерінде қала атауы – әлем мемлекеттері бас қалаларының тізіміне еніп, қала символына айналуы да мүмкін", – деген едім".

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары