Елбасы осы аптада Ташкент пен Ашхабадқа барады - Жаңалықтар | BNews

Елбасы осы аптада Ташкент пен Ашхабадқа барады

13 қыркүйек, 18:11 465 Астана
Елбасы осы аптада Ташкент пен Ашхабадқа барады

Қазақстан Президенті 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасына  және 17 қыркүйегінде Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев 14 қыркүйекте отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті 2017 жылғы 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.

Мемлекет басшысы Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жолдары талқыланады. Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 17 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түрікменстанға барады. Сапар аясында Қазақстан Президенті Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарына қатысады.

Нұрсұлтан Назарбаев 14 қыркүйекте отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар