Елбасы "Павлодар мұнай химиясы зауытын" аралап көрді

Написать нам
17 шілде, 2018, 16:23 1900 Павлодар облысы
Елбасы

Елбасы Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыттың жаңартылғанына қарамастан, төртінші зауыт салу қажеттігі туындап отырғанын атап өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Павлодар мұнай химиясы зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтыны сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында түбегейлі жаңартылған әрі өндіріс үдерісі цифрландырылған Павлодар мұнай химиясы зауытының жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне жаңарту жұмыстары зауыттың шикі мұнайды қайта өңдеу өнімділігін арттыруға, өнім сапасын К-4 және К-5 стандарттарына дейін жеткізуге мүмкіндік бергені жөнінде мәлімделді. Изомеризациялаудың жаңа автоматтандырылған кешендері және орталық басқару пункті арқылы басқарылатын күкірт өндіретін қондырғылар салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты дайын өнім көлемін молайту үшін әрі оны ішкі және шетелдік нарықтарға шығару үшін халықаралық стандарттарға сай келетін мұнайдың қайта өңделуін мейлінше жақсартуды қолға алу қажеттігін айтты. 

Елбасы Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыттың жаңартылғанына қарамастан, төртінші зауыт салу қажеттігі туындап отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті зауыттың жас жұмысшыларымен әңгімелесу барысында Павлодар мұнай химиясы зауыты Кеңес Одағы кезінде салынған зауыттардың соңғысы екенін айтып, оның сол уақыттағы ең озық құрал-жабдықтармен жабдықталғанына тоқталды.

"Сіздер ең заманауи зауытта жұмыс істейсіздер. Мұнда өндірісті цифрландыру ісі қолға алынып, жаңа технологиялар енгізілуде. Сіздер өндіріп жатқан өнімге деген сұраныс артып келеді, демек, сіздердің де табыстарыңыз молая түспек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жас мамандар Мемлекет басшысына "Болашақ" бағдарламасы арқылы әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алуға және алған білімдерін өндірісте қолдануға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар қаласына жұмыс сапарымен келгені хабарланған болатын.

Өңірге жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті "GiessenHaus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Казэнергокабель" акционерлік қоғамына барды. Мемлекет басшысына "Павлодар" еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар