Елбасы Ресейде тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Ресейде тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты

04 тамыз, 13:13 3058 Астана
Елбасы Ресейде тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары