Елбасы Словенияның бұрынғы Президентімен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Словенияның бұрынғы Президентімен кездесті

14 қараша, 2017, 09:20 1014 Астана
Елбасы Словенияның бұрынғы Президентімен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Данило Тюрк Қазақстан Президентіне елімізге тағы бір рет келуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, оның Астанаға жасаған сапарлары барысындағы өзара іс-қимыл нәтижелері жемісті болғанын атап өтті.

Словения Республикасының бұрынғы Президенті Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын айтып, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсенді атсалысқанына назар аударды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар