Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды

13 маусым, 2018, 19:35 3544 Астана
Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды

Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып аталып өтеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төменде Қазақстан Президентінің Жарлығы келтірілген:

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                                        Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым №699      

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар