Елбасы Вьетнам Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22 қыркүйек, 2018, 13:19 2509 Астана
Елбасы Вьетнам Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы  Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады", – делінген жеделхатта. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар