Елбасы Зәмзәгүл Шәріпованың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандарына көңіл айтты

14 шілде, 2018, 19:30 2320 Астана
Елбасы Зәмзәгүл Шәріпованың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Зәмзәгүл Шәріпованың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ұлттық драматургия саласындағы талантты актерлер шоғырының белді өкілдерінің бірі болатын. Оның кинода және театр сахнасында сомдаған айшықты рөлдерін өнерсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады. Ол ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасы арқылы өз саласында айрықша із қалдырды. Зәмзәгүл Шәріпованың қазақ өнеріндегі ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар