Елбасы Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңға қол қойды - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңға қол қойды

10 қаңтар, 17:32 1873 Астана
Елбасы Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары