Елбасы табиғат апатынан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты - Жаңалықтар | BNews

Елбасы табиғат апатынан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

09 шілде, 19:13 1653
Елбасы табиғат апатынан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары