Елбасы Жолдауы – болашақтың кепілі! - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Жолдауы – болашақтың кепілі!

07 ақпан, 19:44 2398
Елбасы Жолдауы – болашақтың кепілі!

28903 әскери бөлімінде Елбасы Жолдауын жеке құрам арасында түсіндіру және ондағы қойылған міндеттерді талқылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

28903 әскери бөлімінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдаған биылғы кезекті Жолдауын жеке құрам арасында түсіндіру және ондағы қойылған міндеттерді талқылау жұмыстары бөлім басшылығымен қызу жүргізілді.

Жолдауда қойылған міндеттерді жеке-жеке талқылай келе, бөлім командирі подполковник Арман Асхатұлы Чокоев Елбасының арқасында еліміздің қол жеткізген көптеген жетістіктерін, біздің қазіргі уақытта әлем таныған ел болып отырғанымызды атап өтіп, осы міндеттерді орындау жолында бізді бұдан да биік белестер күтіп тұрғанын айтты. Сонымен бірге, жеке құрамды абыроймен қызметтік міндеттерін атқарып, Елбасының сенімін ақтауға шақырды.      

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның даму жолдарына түрлі тапсырмалар мен міндеттер қойып, "Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек" - деп атап өтті.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында айтқандай, біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Расында, Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің жеткен жетістігін әлем жұрты жоғары бағалап, біз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттер қатарына енуге батыл қадам басып келеміз. Бұл Елбасы жүргізген сара саясатының жемісі", - деді бөлім командирі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары