Елбасының Жолдауы халқымыздың мүддесімен үндес – Тоқаев - Жаңалықтар | BNews

Елбасының Жолдауы халқымыздың мүддесімен үндес – Тоқаев

05 наурыз, 2018, 20:14 1557 Астана
Елбасының Жолдауы халқымыздың мүддесімен үндес – Тоқаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерген бастамалары туралы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында пікір білдірді.

Жолдау халқымыздың мүддесімен үндес келеді, деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Елбасының әлеуметтік негізгі 5 мәселені шешу жөніндегі Жолдауы – Қазақстан мемлекеттігін дамыту жолындағы ерекше тарихи кезең. Жолдау халқымыздың мүддесімен үндес келеді. Нұрсұлтан Назарбаев: "Ұлттық бірлік - әлеуметтік бірлік", - деп жазды ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар