Елбасының жолдауындағы тапсырмалар елдің болашағы үшін өзекті

Написать нам
12 қазан, 2018, 13:37 908 Қызылорда облысы
Елбасының жолдауындағы тапсырмалар елдің болашағы  үшін өзекті

«Достық үйінің» мәжіліс залында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жастар денсаулық орталығы» КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанар Қалмақова, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлттық «Үздік ұстаз-2017» байқауының жеңімпазы Сәуле Әлденова, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев хабарламалары тыңдалды.

Этномәдени бірлестік өкілдері, ҒСТ өкілдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҚХА кафедрасының меңгеруші/оқытушылары, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері ойларын ортаға салып, саяси сахнадағы батыл қадамға қатысты ойларымен бөлісті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!