Елден көші-қон заңын бұзған 36 мыңнан аса адам шығарылды – ҚР ІІМ   - Жаңалықтар | BNews

Елден көші-қон заңын бұзған 36 мыңнан аса адам шығарылды – ҚР ІІМ  

16 сәуір, 16:50 2212 Астана
Елден көші-қон заңын бұзған 36 мыңнан аса адам шығарылды – ҚР ІІМ  

Жыл сайын шетелден келетін мигранттар саны артып келеді.

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көші-қон заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 30 мың шетелдік тартылды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасындағы көші-қон бақылауының жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" тақырыбымен өткен Үкімет сағатында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"ІІМ мәліметінше, соңғы 3 жылда әкімшілік жауапкершілікке 30 мың шетелдік тартылды. Елден көші-қон заңын бұзған 36 мыңнан аса адам шығарылды", - деді депутат Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, шетелдіктерге қатысты 3506 қылмыстық іс қозғалды, оның басым бөлігі ұрлық және есіркеге қатысты қылмыстар. 2,5 мыңнан астам шетелдіктің өзі қылмыс құрбанына айналған.

"Көші-қон қызметі тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі байқалып тұр. Заңсыз көші-қон мәселелерінің алдын алу үшін мемлекеттік органдар қызметінің  тиімділігін арттыру керек", - деп атап өтті депутат.

Нұрлан Әбдіров атап өткендей, ҚАзақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі бірлесіп, өткізу бекеттерінде геометриялық жүйені енгізу маңызды, заңсыз көші-қонның алдын алып, мұны төлқұжат-визалық және басқа да құжаттардың қорғанысын күшейту арқылы жүзеге асырған дұрыс. Сондай-ақ, заңсыз мигранттарға қатысты тиімді механизмді енгізген жөн.

2015 жылдан бастап республикаға келетін шетелдіктер саны 20%-ға өскен. Тек өткен жылдың өзінде 5,5 млн шетелдік Қазақстанға келген. Ал ішкі істер органдарында олардың тек 2,5 миллионы ғана тіркелген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары