Электр станцияларында 3,6 миллион тонна көмір қоры бар – ҚР ИДМ

14 қыркүйек, 2018, 18:50 3099 Астана
Электр станцияларында 3,6 миллион тонна көмір қоры бар – ҚР ИДМ

Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есепке алғанда, көмірді жөнелту жыл басынан бері 70,2 млн. тоннаны құрап отыр.

ҚР ИДМ-де көмірмен қамтамасыз ету бойынша Штаб отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытовтың төрағалық етуімен электр станцияларын, коммуналдық-тұрмыстық секторды және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша жылу беру маусымына дайындық, оны өткеруді мониторингілеу бойынша Штаб отырысы өтті. Отырысқа облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.

Селектор барысында энергиялық кәсіпорындардың күз-қыс кезеңіне дайындығы кестеге сәйкес жүріп жатқаны және дайындық жұмыстары аяқталуға жақын екені айтылды.

Электр станцияларында 3,6 млн. тонна көмір қоры және 79 мың тонна мазут бар. Ол нормативтік қорға сәйкес келеді.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарда 1 млн. тонна көмір және 37 мың тонна мазут жиналған.

Көмір өндіру және тиеу жөніндегі жедел ақпаратқа қарағанда 11 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары жыл басынан бері 73,3 млн. тонна түрлі маркалы көмір өндірген, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 % артық.

Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есепке алғанда, көмірді жөнелту жыл басынан бері 70,2 млн. тоннаны құрап отыр. Яғни,  2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 мың тоннаға артық.

Жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері 1 мамыр мен 13 қыркүйек аралығында теміржол көлігімен 24,5 млн. тонна көмір тасымалданған, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен артық.

Бүгінгі күні көмір тасымалына 29 мың жартылай вагондар, соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдауға 9 мың вагон қатыстырылған. Ол тапсырыс көлемін тасымалдауды толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тасымалдарды қамтамасыз ету кезінде жылжымалы құрамның тапшылығын болдырмау үшін ірі көмір өндіріс орындарына вагондардың білгілі бір паркі бекітілген.       

Шұбаркөл көмір өндірісі орынының тиеу көлеміне сәйкес 3000 вагон, Қаражыра - 2 300, Богатырь көмірге 2000-нан аса вагон бекітілді.

Қазіргі уақытта 6 энергиялық блоктың, 33 қазандықтың, 25 турбинаның жөндеу жұмысы жүргізілді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 456 қазандық жөнделді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: