Электронды қызметке сұраныс артты

23 қазан, 2018, 16:19 771 Қызылорда облысы
Электронды қызметке сұраныс артты

Облыста мемлекеттік қызметті электронды нысанда ұсыну жолға қойылып келеді. Биылдың өзінде 500-ге жуық заңды тұлға  электронды тіркеуден өткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Еркін Тәжікенов хабарлады.

Еркін Оңдасынұлының айтуынша, әділет органдары қызметіндегі басты функциялар қатарында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мем­­лекеттік тіркеу бар. Жергілікті мем­лекеттік басқару органдары биыл тіркеуге 352  нормативтік құ­қық­тық акті ұсынған. Оның ішінде мемлекеттік тіркеуден өткені – 332, мемлекеттік органдармен кері қай­тарып алғаны  – 9,  қалған 11-і қаралу үстінде.

– 2018 жылғы 24 мамырдағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді же­тілдіру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құзыретін «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ жүзеге асырып келеді. Бұл жағдайда әділет органдарының осы саладағы бақылау жүргізу қыз­меттері сақталатын болады. Департамент азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің ақпараттық жүйелермен  жұмыс істеуін бақылау және мето­дикалық көмек көрсету функциясын атқарып келеді. 9 ай көлемінде 23 мың 773 азаматтық хал актісі тіркелді. Зияткерлік меншік саласы бойынша заңды тұлғалардан 6  өтініш түсіп, жүргізілген жоспардан тыс тексеру  нәтижесінде 3 құқық бұзушылық анықталды. Олар сотта қаралып, 100 мың теңгеден астам айыппұл салынса, заңсыз айналымнан 65 мың теңгенің контрафактілік өнімдері алынды, – деді Е.Тәжікенов.

Жиын барысында департамент басшысының орынбасары Ақәділ Махамбетов те адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттес-­  тациялаудан өту қағидаларын, сот актілерін орындау тәртібін сөз етті. Мәселен, биыл 9 айлық көрсеткіш бойынша 86 мың 521 өндіріс орындауда болып, облыс көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің талабымен барлығы 110 борышкерге әкімшілік шара көріл­ген. Ақәділ Шакизатұлы 2016 жыл­дың 1 қаңтарынан бері жеке сот орындаушыларының құзыретіне 1000 АЕК асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою істерін қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары бері­ліп, жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері кеңейтілгенін де еске салды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!