Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

29 қазан, 2018, 09:32 1912
Еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың көптеген бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, солтүстікте кей жерде қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын болжануда.

Aқмола облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей аумақта қатты жауын-шашын, түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын болады деп болжануда.

Түнде Aқтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерінде, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Aтырау, Батыс Қазақстан, түнде Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #жауын-шашын

Читайте также

Похожие новости