Елімізде 100-ден астам электромобильді қуаттандыру бекеті салынады - Жаңалықтар | BNews

Елімізде 100-ден астам электромобильді қуаттандыру бекеті салынады

05 желтоқсан, 16:56 1151 Астана
Елімізде 100-ден астам электромобильді қуаттандыру бекеті салынады

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумының кулуарында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы айда Астана мен Алматыда 100-ден астам электромобильді қуаттандыру бекетінің салынатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жобаның қоршаған ортаны қорғауға мол пайдасы тиері анық.

«Қоршаған ортаны қорғауға жауап беретін ведомство ретінде елімізде электромобильді пайдалануды қолдаймыз. Қазақстанда электромобильдердің санын арттыру үшін аталған салаға барынша қолдау көрсетеміз. Алайда тұтынушының таңдауға еркіндігі болуы қажет. Біз «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен бірігіп, алдағы айда Астана мен Алматыда 100-ден астам электромобильді қуаттандыру бекетін саламыз деп шешім қабылдадық. Бұл – пилоттық жоба. Бұған қоса, Бурабай тасжолында да аталған бекетті саламыз», - деді министр журналистерге.

Осы орайда Қанат Бозымбаев аталмыш пилоттық жоба сәтті жүзеге асатын болса, еліміздің басқа да өңірлерінде электромобильді қуаттандыратын бекеттер салынатынын атап өтті.

«Біз аталған қалаларда тұрғындардың жаппай электромобильдерді пайдалануы үшін инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Егер барлығы ойдағыдай болса, біз аталған жобаны басқа да облыс орталықтарында жүзеге асырамыз», - деп түйіндеді сөзін Энергетика министрі.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары