Елімізде дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді - Жаңалықтар | BNews

Елімізде дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді

30 шілде, 16:41 1663 Астана
Елімізде дәстүрлі

Акция 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz

Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу болып табылады.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.

Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетті. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары