Елімізде екі миллионнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

24 қараша, 2018, 14:42 2476 Шығыс Қазақстан облысы
Елімізде екі миллионнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

2011 жылдан бері ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі көліктік медицинаны дамыту арқылы қамтамасыз етіліп келеді.

Әсері жақсы және өмірге қауіп төндірмейтін дәрі-дәрмексіз сапалы медициналық көмек көрсетілуі мүмкін емес. Бұл туралы Астанада өткен "Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарының дәрі-дәрмекпен қамтылуы назар аударарлық дүние.

"Бүгінгі таңда мемлекет 2 миллионнан астам науқасты тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтып отыр. 2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу азаматтарға емделу үшін кез келген өңірдегі аурухананы, оның ішінде республикалық емханаларды таңдауға мүмкіндік берді", - дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

2011 жылдан бері ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі көліктік медицинаны дамыту арқылы қамтамасыз етіліп келеді: санитарлық авиация қызметі құрылды, мобильді медициналық кешендер мен пойыздар және негізгі бағыттар бойынша медициналық және құтқару пункттері жұмыс істейді.

"7 жыл ішінде 8 мыңға жуық санитарлық авиациясы көмек көрсету мақсатында ұшып, 10 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді", - дейді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар