Тәжікстанның 54 азаматы Қазақстанда жолда қалып қойған - Жаңалықтар | BNews

Тәжікстанның 54 азаматы Қазақстанда жолда қалып қойған

02 наурыз, 11:51 2381 Ақмола облысы
Тәжікстанның 54 азаматы Қазақстанда жолда қалып қойған

Ақмола облысында жолаушылар автобусынан 54 адам эвакуацияланды, оның екеуі кішкентай бала.

"Астана-Петропавл" тас жолының 140-шы шақырымында "Мерке - Екатеринбург" бағыты бойынша бет алған "Ванхол" маркалы жолаушылар автобусы сынып қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Құтқарушылар 50-ден астам адамды эвакуациялады.

"Бұланды ауданының ТЖБ қызметкерлері мен жергілікті атқару органы сынған автобус жолаушыларын Бұланды ауданының "Алакөл негізгі мектебі" МКМ-дегі жылыту орталығына жеткізді. Олардың 52-сі Тәжікістан азаматы, біреуі ресейлік және екі жүргізуші Қазақстан азаматтары", - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Құтқарушылар жолаушылардың денсаулығына еш қауіп жоқ екенін айтты. Қазір автобус Алакөлдің ДЭП ДЭРСУ-87 жөндеу орталығына жеткізілді.

"Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының ТЖД-сы мен жергілікті атқарушы биліктің екі бірлік техникасы мен төрт адамы жұмылдырылды", - деп атап өтті ТЖД-да.

Департаментте алыс жолға дайын емес техникамен және сапасыз отынмен жолға шығу нағыз жауапкершіліксіздіктің өзі екенін атап өтті.

Құтқарушылар азаматтарды өзінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты қарап, дабылды ескерту жарияланған күнде жолға шықпауды сұрады.

Ұқсас жаңалықтар