Еліміздегі ешбір облыс компьютермен 100% қамтамасыз етілмеген – Сағынтаев - Жаңалықтар | BNews

Еліміздегі ешбір облыс компьютермен 100% қамтамасыз етілмеген – Сағынтаев

10 сәуір, 15:40 1707 Астана
Еліміздегі ешбір облыс компьютермен 100% қамтамасыз етілмеген – Сағынтаев

Үкімет басшысы еліміздің мектептеріндегі интернет мәселесін толықтай шешуді тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мектептеріндегі интернет мәселесін толықтай шешуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Егер WI-FI жүйесі туралы айтар болсақ, жағдай түсініксіз. Қалаларда бұл мәселелердің барлығын да шешуге болады. Астанадағы мектептердің тек 54%-ы, Алматы облысындағы мектептер – 22%, ал Ақмола облысындағы мектептердің 18%-ы ғана WI-FI-мен қамтамасыз етілген. Бұл оңай шешілетін мәселелер. Мен аталған мәселелерді шешуге кірісу керек деп ойлаймын", - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында. 

Премьер-министр WI-FI желісіне қосылу мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуіне және кең ауқымды интернетке қолжетімді болуға байланысты екендігін атап өтті.

"Еліміздегі ешбір облыс, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары да компьютермен 100% қамтамасыз етілмеген. Ең төменгі көрсеткіш келесі облыстарда тіркелген: Ақмола облысында – 29%, Жамбыл облысында – 22%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 32% және Қызылорда облысында – 40%. Ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысында тіркелген – 82%. Бұл мәселе жыл соңына дейін шешілуі керек. Кең ауқымды интернет желісіне қолжетімділік бойынша нақты мәселелер бар", - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Премьер-министр 2020 жылдың соңына дейін шалғайда орналасқан елді мекендердің барлығына интернет жеткізілуі керектігін еске салды.

"Облыстарға, аудандық орталықтар мен қалаларға қазір біз тек 85% ғана интернет желісін жеткіздік. Қалған 15%-ы 2020 жылдың соңына дейін шешіледі. Егер компьютермен 100% қамтамасыз ететін болсақ, онда көптеген мәселелер шешіледі", - деп сөзін түйді Бақытжан Сағынтаев. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары