Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 15%-ы бедеу – сарапшы

Написать нам
06 сәуір, 2018, 17:53 3183 Астана
Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 15%-ы бедеу – сарапшы

Сарапшының айтуынша, жас кезінде сыртта орналасқан дәретханаларды пайдалану салдарынан ересектер бедеу болып қалуы ықтимал.

"Аман Саулық" қоғамдық қорының президенті Бахтыла Түменова ерлі-зайыптылар бедеулігінің болжамды себебін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінгі таңда ересек адамдар бедеулігінің себебі тек аборт жасатқаннан ғана емес, сонымен қатар балалық шақта суық тиіп, қабыну салдарынан да болуы ықтимал. Қазіргі кезде орта мектеп оқушыларының көбісі сыртта орналасқан дәретханаларды пайдаланады. Мүмкін бұл туралы мұндай жерде айтпауым керек шығар. Бірақ бұған назар аударуымыз керек. Сол ұлдар мен қыздар жас кезінде суық тиіп, қабынудың нәтижесінде кейін бедеу болып қалады. Бұл маңызды мәселе. Бұған, әрине, тек Денсаулық сақтау министрлігі ғана жауап бермейді ғой", - деді "Аман Саулық" қоғамдық қорының президенті Бахтыла Түменова ҚР Парламент Сенатында "Үздік денсаулық сақтау ісі – дені сау ұлт" тақырыбында өткен Парламенттік тыңдалым барысында. 

Оның айтуынша, Қазақстанда жасанды ұрықтандыруға жыл сайын қаржы бөлінеді. Былтыр және биыл жасанды ұрықтандыруға 900 квота бөлінген.

"Басты мәселе – еліміздегі некелескен ерлі-зайыптылардың 15%-ы бедеу. Жасөспірім шақта жасалатын аборт үлкен проблема болып отыр. Репродуктивтік денсаулық профилактикасымен айналысатын ұйымдар 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, тағы бірнеше ұйым сол мәселе бойынша жұмыс істейді, бірақ оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейді, олар шетелдік капитал есебінен жұмыс жасайды. Бұған көңіл бөлетін уақыт жетті", - деп сөзін қорытындылады Бахтыла Түменова.

2017 жылғы зерттеу қорытындысына сәйкес, қазақстандық отбасылардың шамамен 16%-ы бала таба алмайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар