Еліміздің басым бөлігінде күн аязды болады

5 Декабря, 2018, 09:25 1957
Еліміздің басым бөлігінде күн аязды болады |  | BNews.kz

Солтүстік аудандарда қар жауып, оңтүстік-шығыста жел соғады.

Синоптиктерінің болжамынша, еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, батысында көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.

Aлматы облысының кей жерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13927

Похожие новости