Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

21 қараша, 2018, 09:49 1153
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды аймағында орналасқандықтан, жауын-шашын болады. Кей жерлерде екпінді жел соғып,тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!